Еліміздің өңірлеріне Мәскеу мен Новосибирсктен тікелей әуе рейстері ашылады
2009

Фото: Ашық ақпарат көзінен.
2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы – «Сибирь» әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу – Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу – Көкшетау бағыттарындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейстер Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады. Сонымен қатар, 2018 жылдың 30 мамырынан бастап аталған әуе компаниясы Новосибирск – Павлодар жаңа бағытындағы тұрақты рейстерді ашуды жоспарлаған. Бұл рейстер де аптасына екі рет жоғарыда аталған Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады.
Теги: Жаңа рейстер, Қоғам
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы