Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

ЭКСПО-дағы үздік павильонға дауыс бер

4191
Фото:
Exhibitor Magazine америкалық беделді журналы өз сайтында «EXPO 2017 Халық таңдауы» бөлімін ашып, онлайн дауыс беруді ұсынып отыр. 31 тамызға дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер сайтқа кіріп, өздеріне ұнаған павильонға дауыс бере алады.    Тізімге Автрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия,  Израиль, Катар, Корея, Литва, Малайзия, Монако, Нидерлады, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Түркия, Франция мен Швейцария сынды мемлекеттер еніп отыр.  Exhibitor журналы Exhibitor Media Group жанынан шығарылып, мамандандырылған көрмелер жұмысы туралы жазатын негізгі басылымдардың бірі есептеледі. Атап өтейік, ЭКСПО-2017 медиа орталығы ең көп тамашаланатын топ павильондар тізімін жасақтады. Оның ішінде бірінші орында Африка Плазасы, екінші Мысыр павильоны болса, үшінші орында Түркия мемлекеті тұр. Одан кейін алғашқы бестікке Таиланд, Әзірбайжан мемлекеттері енген. Ал топ он мемлекеттер қатарын Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясының Патшалығы қорытындылайды. Тамыздың 14-20 аралғында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, орта есеппен алғанда күніне 49 349 адам келген. Алдыңғы аптамен салыстырғанда келушілер саны 14 мыңға артқан. Маусымның 10 мен тамыздың 20 аралығында Көрмеге келген жалпы келушілер саны 2 779 820 адамды құрайды.  
Оценить материал
0