Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Астанада «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты дәстүрлі форум өтеді

1709
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Астанада 23 қарашада «Қазақстандық өнім жасаймыз»  атты жыл сайынғы форумы өтеді .

Қазақстандық мазмұнды дамыту ісі Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық және әлеуметтік үлкен маңызға ие  және де ол Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес жүзеге асырылуда.

Форумда тау-кен металлургия саласындағы жергілікті мазмұн көрсеткішін сапалы түрде ұлғайту мәселесі көтерілмек.

Биыл 7 рет өткелі отырған іс шара осы уақыт аралығында халықаралық және отандық жеткізушілерге арналған республикалық диалог алаңына айналып отыр.

Іс шара аясында жергілікті өндірістің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге арналған қазақстандық өнімді шығаратын кәсіпорындар мен жеткізушілердің көрмесі ұйымдастырылады.

Форумға ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР инвестициялар және даму жөніндегі  бірінші вице-министр Алик Айдарбаев,  «Тау –кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық  қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, «Еуразиялық топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Kazzinc Holdings» ЖШС басқарма төрағасы Никола Попович, «KAZ Minerals Тобы» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов, «Қазақалтын» ТКМК АҚ бас директоры Евгений Балашов қатысады.

«Қазақстандық өнім» жасаймыз форумына тау-кен металлургия саласындағы 100-ден аса компания қатысады деп жоспарланған.

Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Kazakhmys Holding» ЖШС, Eurasian Resources Group, «KazZinc» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның қолдауымен өткізілмек.

Айта кетсек, тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындар 2017 жылдың соңына қарай қазақстандық мазмұн үлесін 66,98%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

 

Оценить материал
0