Наверх

Погода в Астане: 29 марта, вечер: -3° 5 м/с30 марта, ночь: -4° 3 м/с30 марта, утро: -4° 5 м/с30 марта, день: +3° 5 м/с

«Нұрлы жер» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

1955
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 120,1 млрд. теңге бөлінді. Оның 88,3 млрд теңгесі өңірлерге аударылды. 10 айдың қорытындысы бойынша қаржының 79,2 млрд теңгесі игерілген. Бүгінде бұл тиісті соманың 89,7%-ын құрап отыр. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында жарияланды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың мәлімдеуінше, 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру еліміздің 15 өңірінде қарқынды жүргізіліп келеді. Бұлардың ішінде көш басында тұрған Маңғыстау (464,2 мың ш.м), Алматы (387,3 мыш ш.м), Қызылорда (381,3 мың ш.м) және Атырау (373,6 мың ш.м) облыстары. Аталған аймақтар жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша да алда келеді.

«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша биыл әкімдіктерге 25 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде  6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Оның жартысы биыл тапсырылатын болады. Бұл бағыт баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ әлеуметтік әлсіз топтарды арендалық баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Оларға мемлекет арендалық пәтер береді. Бұл сатып алу құқығынсыз берілетін тегін баспана. Әлеуметтік тұрғын үйдің төлемі 1 шаршы метріне шамамен 100 теңгеден келеді», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар, жеке құрылыс салушылар банктердің қарауына субсидияланған қарыз алу үшін құны 57,2 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба енгізді. Оның ішінде  23,9 млрд. теңгенің 18 жобасы субсидияланатын болды. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 152 млрд. теңге сомасында құрылыс салушыларға субсидияланған кредит беру және 2018-2019 жылдары 600 мың ш.м тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді Мархабат Жайымбетов.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қазір өңірлерде екінші деңгейдегі 5 банк халыққа жаңа тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген ипотека беруді жүргізіп жатыр. Бүгінде банктер 7,9 млрд.теңгенің 797 өтінішін қабылдады. Оның ішінде 747өтініш мақұлданып,7,4 млрд. теңгенің келісімі жасалған.

Оценить материал
0