Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Елімізде қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар саны азайды

1095
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу арқылы апаттардың санын азайтуға қол жеткізілді. Бұл туралы бүгінгі өткен Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министрдің дерегі бойынша 2017 жылдың 10 айында 1558 тексеру жүргізілген. Олардың ішінде кестеге сәйкес – 923, жоспардан тыс – 635 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 40 мыңнан астам жұмыс тәртібін бұзушылық анықталды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрған 880 қауіпті өндірістік нысан тоқтатылды. 124,5 млн. теңгеден аса соманың 1821 айыппұлы салынған.

«Министрлік жүргізген жұмысқа және қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың төмендеуіне қарамастан, биыл 10 айдағы 11 апат пен 4 адамның қаза табуы жағымсыз көрсеткіш екенін мойындау керек. АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында көмір мен газдың шығарындысы болды.

Соның салдарынан 6 адам зардап шекті, соның ішінде 3 адам қаза тапты. «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның «Богатырь» разрезінің  дренажды шахтасында газ-ауа қоспасы тұтанып, апат салдарынан 3 адам зардап шекті. «Ғимарат» ЖШС-нің мұнай базасында мұнай өнімдері тұтанып, салдарынан 2 адам зардап шекті, 1 адам қаза тапты»,-деді министр.

Барлық апатты оқиғалар бойынша тексеру жүргізіліп, себептері анықталған. Сондай-ақ, апаттардың салдарын жою іс-шаралары әзірленіп, орындалуы бақылауға алынған.

Оценить материал
0