Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

2018 жылы елімізде темір жол билетінің тарифі өзгереді

2633
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлайды. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланды.

Өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

Алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оценить материал
0