Наверх

Погода в Астане: 29 марта, день: +5° 9 м/с29 марта, вечер: +1° 6 м/с30 марта, ночь: -2° 4 м/с30 марта, утро: -2° 5 м/с

Қазфосфат қалдықсыз өндіріске қадам басты

2931
Фото: kpp.kz.

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қазақстанның химия өндірісін қарыштап дамытып келе жатқан қуатты компания саналады. Еліміздегі бірнеше ірі зауыттардың басын құрайтын өндіріс орнының фосфат шикізатын толық өңдеп шығаруға әлеуеті жетеді. Бүгінде компания табиғи байлықтарды сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды өзінің басым бағыттарының бірі санайды. Сондықтан,  Жаңа Жамбыл фосфор зауытында шлам жинағыштарын қалпына келтіру қолға алынған.

Фосфорды электротермиялық әдіспен өңдеу кезінде газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтар көп мөлшерде пайда болады. Осыған байланысты, 2005 жылы НДФЗ филиалында фосфор шламын қайта өңдеу жобасы іске қосылды. Соның нәтижесінде қалдықты өңдеу жұмыстары ілгері басты.

«Қазфосфат» ЖШС негізгі экологы Арман Қарағалиевтың айтуынша,  2011 жылы  мамандар фосфор шламын жинақтағыш құрылғылардан тазарту жобасын енгізген.2-нші шламжинақтағыш қондырғыны 2018 жылдың аяғына дейін тазарту жоспарланған. Ал, 1-қондырғыны тазарту жұмыстары 2019 жылға қалып отыр. Қалған екі қондырғының бірі резервте тұрса, екіншісінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

 «Қазфосфат» компаниясы зауыттарда заманауи технологияларды енгізіп,  өндіріс пен өнім желісін кеңейтумен қатар,   қоршаған ортаны қорғауды да назардан тыс қалдырмайды. Өндірісті тұрақты дамытудың маңызды аспектілерінің бірі – экологияға келіп тіреді, - дейді мамандар.

Дереккөз: «Жамбыл» телеарнасы.

Оценить материал
0