Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Авиациялық қауіпсіздік деңгейі жөнінен Қазақстан әлемдегі озық елдер қатарында

2062
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік бойынша аудитінен табысты өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестігінің жоғарғы деңгейін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ИКАО талаптарына сәйкестігі ресми түрде 83%-ды құрап, 2009 жылғы аудиттің қорытындысы 62%-бен салыстырғанда 21%-ға жоғарылады. Қазақстанның жаңа көрсеткіші орташа әлемдік деңгейден (72%) 11%-ға асып тұр.

ИКАО аудиті - мемлекеттің азаматтық авиация саласының қауіпсіздік жүйесін бағалаудағы ең объективті құралдардың бірі. Елеулі ескертпелер мен ИКАО аудитінің төмен бағалауы басқа елдерге ұшуға тыйым салу сияқты шектеулерге алып келуі мүмкін.

2017 жылдың қараша айында ИКАО комиссиясы әуежайлардың қауіпсіздік жүйесін кешенді тексеру мақсатында авиациялық қауіпсіздік бойынша аудит жүргізді. Сарапшылардың бағалауы 480 мәселе бойынша жүргізілді. Ал, 2009 жылғы аудитті өту кезінде тексеру 299 мәселе бойынша жүзеге асырылған болатын. Бұл авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ИКАО талаптарының күшейтілгенін көрсетеді.

Бұл ретте, мемлекеттердің ИКАО тексерісінен өту қиындап тұрған тұста халықаралық сарапшылардың тарапынан Қазақстанның жоғары баға алуы көрсеткіштің маңыздылығын арттыра түседі. 2017 жылғы Аудит қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік деңгейі жөнінен Қазақстан әлемдегі озық елдер қатарынан орын алды.

Оценить материал
0