Биыл маусым айында Астанада Дүниежүзілік Тау-кен конгресі өтеді

Биыл Астанада 19-22 маусым аралығында 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі өтеді. Әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда емес, тіпті ТМД аумағында алғаш рет өткелі отыр, деп хабарлайды Объектив.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ТМК нарығы көрсеткіштері бойынша 2017 жыл Қазақстан үшін табысты аяқталғанын айта кету қажет. Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,1%-ға өскен. Түсті металл кенін өндіру көлемі 8,2%-ға көбейіп, темір кенін өндіру көлемі 6,9%-ға өскен. Металлургия секторындағы көрсеткіштер жоғары серпінді көрсетеді. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты: қара металлургияда көлем 6,6%-ға өскен, ал түсті металлургияда өндіріс 5,5% құрған..
Қазақстандағы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі «Инновациялық басымдық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді. Конгресс шеңберінде саланың инновациялық шешімдеріне, тау-кен өндірісіндегі жетекші әлем компаниялары саласына инвестицияларды тартуға арналған бірнеше тақырыптық сессиялар өтеді. Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы, Польшадағы Ғылым және техника Университетінің геомеханика факультетінің (AGH) деканы, 55-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы Марек Цала сөз сөйлейді.
Шақырылған спикерлер арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бакытжан Сагинтаев, ERG S.a.r.l менеджерлер кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), Rio Tinto бас орындаушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American бас орындаушы директоры Марк Катифани (Ұлыбритания), Торонто қор биржасының жетекшісі. Сессияға қатысуын растағандар - Роберт Барнс – London Stock Exchange жаһандық басшысы, Кайрат Келимбетов – «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы, Скот Фостер – БҰҰ(Швейцария) Еуропалық экономикалық комиссия директоры, Майкл Хитч – жаңа оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) профессоры, Хуа Гуо – 2021 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы (Австралия) бар.
Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті, Польша Республикасы Президенті, Қытай Халық Республикасы Төраға орынбасары, Ресей Федерациясының Үкімет басшысы, Австралияның Генерал-губернаторы қатысады, деп жоспарланған.