Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Қазақстан делегациясы Дубайдағы инвестфорумға қатысады

2162
Фото: Министрліктің сайтынан.

Қазақстанның бизнес қоғамдастығының өкілдері ағымдағы жылы сәуірде Дубай қ. өтетін Annual Investment Meeting инвестициялық форумына қатысады. Бұл туралы «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердің Астанадағы кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дубай қ. сәуір айындағы форум кезінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы жасалып, ҚР-ға инвестиция салуға мүдделі әмірлік компаниялармен бірнеше екі жақты кездесулер өтеді.  

Астанада «Kazakh Invest» тарапынан алдын ала Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ тараптар кездесуде елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы нақты қадамдарды белгіледі, логистика, туристік кластер, АӨК және басқа саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

«Al Khaleej Sugar»  компаниясы  Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара уданында ірі қант зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдіруде. Алдын ала есеп бойынша зауыттың құрылысына 375 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарлануда.

Кездесу қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер  үкіметаралық деңгейде инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар, қысқа мерзімде бірлескен Жол инвестициялық картасын әзірлеу және тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Келесі бірлескен іс-шараны өткізу ақпанның соңына жоспарланған.

Оценить материал
0