Елімізде ірі мұнай жобалары жүзеге асырылмақ

Қазақстандық нарықта «Теңізшевройл», «Карашығанақ Оперейтинг Компани» және «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» іспеттес үш ірі операторлар ортақ бюджеті 45 млрд. долларды құрайтын ауқымды мұнай-газ жобаларын іске асырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
- Қазіргі кезде өз жұмысын бастап кеткен – «Теңізшевройл». Ол 37 млрд. доллар қаржы бөліп отыр, оның 32% Қазақстанда қалдыру жөнінде былтыр Премьер-Министрдің алдында жасаған баяндамада айтқан болатынбыз. 32 млрд. доллардың 1%-ы 122 млрд. теңгеге тең. Осы үлесті қаншалықты игере алатынымыз шеберлігіміз бен тәжірибемізге байланысты. Шетелдік компаниялардың 200 жылдық тарихы бар, 26 жылдың ішінде біз олардың деңгейіне жете қойған жоқпыз, – деді Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов.
Қазіргі таңда аталған үш ірі оператордың Қазақстандық мұнай-сервис нарығындағы үлесі 75%. Зерттеушілердің пайымдауынша, алдағы уақытта аталған көрсеткіш біршама ұлғаюы тиіс.