Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

Астанада электромобильді қуаттаудың жаңа бекеті ашылмақ

2492
Фото:
Астанада электромобильдерді қуаттаудың жаңа бекеті ашылмақ. Бұл туралы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов мәлім етті. Сонымен қатар вокзалдың сапаға сай қызмет көрсетіп, жаңа технологиялармен жабдықталуы туралы айтылды. Вокзал әкімшілігінің айтуынша, бүгінгі таңда жолаушылар ағынын арттыру үшін «Астана ЛРТ» ЖШС-мен бірлесіп жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі - «Нұрлы Жол» теміржол вокзалын «Абу-Даби Плаза», «Назарбаев Университеті» және әуежаймен жалғайтын жеңіл рельсті пойыз.  Бұл монорельсті пойыз үшін 18 бекет қарастырылып отыр. Елорданың басты жобаларының бірі саналатын монорельсті көлік теміржол вокзалының 3- қабатына кіретін болады. «Жоба дайындық үстінде. Бас мердігері – қытайлық компания»,- дейді Нұрлан Аманжолов. «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында жасыл технологияларды өндіріске енгізуден де тыс қалмақ емес. Вокзал тұрағында 1-1,5 айдан соң электромобильді қуаттаудың жаңа бекеті ашылмақ. Яғни, аккумлятор батареяларынан күш алып, электр қуатымен қозғалатын электромобильдер үшін Астанада да барынша жағдай жасалмақ. Сонымен қатар «Нұрлы жол» теміржол вокзалында ауыз суды үнемдеу технологиясы іске қосылған. Жаңбыр суын қайта өңдеп, ауа алмастыратын және жылуға кететін  энергияны 70 пайызға дейін үнемдейтін жаңа инновациялық құрылғының жұмыс істеп тұр. «Жаңбыр, еріген су жинақталып, тазартылып, жасыл желектерді суаруға жұмсалады. Бұл ауызсуды үнемдейді»,- дейді технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Ғалия Нүскеева. «Нұрлы жол» теміржол вокзалында жерасты жылу алмастырғыш жүйесі орналыстырған. Технология - қыста суық ауаны жинап, жылыту арқылы ішкі блоктарға таратады, ал жазда керісінше температураны салқындатуға мүмкіндік береді»,- дейді ол. Атап өтйік, бұл жүйе вокзалды жарықпен қамтамасыз ететін электр қуатын 70 пайызға дейін үнемдеуге септігін тигізеді. Тағы бір айта кетерлігі, «Нұрлы жол» теміржол вокзалына келген әр жолаушы ұялы телефонына тегін sim-карта ала алады. Бұл – қала әкімдігімен бірге жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі. «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС ұсынып отырған қызметі арқылы қаланың туристік әлеуеті, ұйымдастырылып жатқан шаралар мен қаланың тарихи-мәдени ошақтары жайында толық ақпарат ала аласыз. Жанар Мақсұтқызы  
Оценить материал
0