Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

ҚР Қорғаныс министрі Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды

3049
Фото:
Қазақстан әскери ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Өзбекстанға ресми сапармен барды. Ташкент қаласында ҚР Қорғаныс министрінің Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен ресми кездесуі өтті, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешек бағыттарын, сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне жедел ден қою мәнмәтінінде қорғаныс саласында іс жүзінде өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскерлердің бірлескен жедел және жауынгерлік даярлығы  шеңберіндегі және әскери білім беру аясындағы іс-шараларды қамтитын әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Қазақстан мен Өзбекстан әскери ведомстволарының екіжақты қарым-қатынасы тарихында мұндай құжат алғаш рет жасалып отырғанын айта кету қажет. Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрін Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады. Республика Президенті екі елдің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылдың қарқындылығына қанағаттандырылғанын білдіріп, өңірдің қауіпсіздігі үшін қорғаныс саласында ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі туралы пікірін айтты. Өз кезегінде, С. Жасұзақов Өзбекстан Республикасының Президентін құшақ жая қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізді. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери және әскери-техникалық салаларда қазақстандық-өзбекстандық өзара тиімді серіктестікті әрі қарай нығайтуға мүдделілігі мен әзірлігін атап өтті. Қазақстандық делегацияның Өзбекстанда болуы кезінде Коканд қ. ӨР ҚК әскери бөлімдерінің біріне бару ұйымдастырылды. Өзбек әріптестеріміз жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі мен жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылу үдерісін, сондай-ақ өзбек армиясы әскери қызметшілерінің тұрмыс жағдайын паш етті. Екі күндік сапарының соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовті еске алып, Самарқанд қаласында орналасқан қабіріне гүл шоқтарын қойды.  
Оценить материал
0