Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

Қазақ-қырғыз әскери әрекеттері

3073
Фото:
Алғаш рет ТМД аумағында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің «Саперлар достастығы – 2017» оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері, яғни, 75263 әскери бөлімі инженерлік-саперлік батальонының бөлімшелері және 21450 әскери бөлімі штабтық батальонының инженерлік ротасы тартылды. Ал Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің тарапынан оқу-жаттығуға инженерлік-саперлік взвод тартылған. Бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты тәжірибе алмасу екі елдің қарулы күштерінің инженерлік-саперлік бөлімшелері арасында жауынгерлік достастықты нығайту, жауынгерлік даярлықтың деңгейін арттыру, сондай-ақ қауіпті жарылғыш заттардан жердің учаскелерін минасыздандыру  бойынша ізгілік тапсырмаларды орындау кезінде Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштері инженерлік бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында инженерлік әскерлер бөлімшелері әскерлердің әрі қарайғы іс-қимылдары үшін миналардан жердің учаскесін уақтылы және толық тазарту, сондай-ақ нысандарда әртүрлі қауіпті жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыр жөнінде тапсырмаларды пысықтайды,  - деп ақпараттандырды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлер бастығы полковник Мұрат Жүсіпов. Оқу-жаттығудың тапсырмаларын іске асыру мақсатында екі елдің бөлімшелері елді мекенде аумақ пен ғимаратты минасыздандыру бойынша жаттығулар өткізіп, ТМЗ зарядымен жаяу әскерге қарсы миналық алаңда өтпелерді орнату жөнінде жаттығулар, сондай-ақ қолмен мина іздегіштермен жолдың учаскесін барлауды жүргізеді.  Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің «Саперлар достастығы – 2017» бірлескен оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.
Оценить материал
0