Наверх

Погода в Астане: 09 июня, ночь: +14° 3 м/с09 июня, утро: +19° 3 м/с09 июня, день: +23° 6 м/с09 июня, вечер: +17° 2 м/с

«Жас ұландықтар» жаңа жылдық шырша өткізді

1680
Фото: Министрліктің сайтынан.

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілеріне арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өтті , деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қорғаныс министрлігінің атынан «Жас ұлан» мектептерінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров құттықтады. Ол өз сөзінде оқу үздіктері, спортшылар мен белсенділердің жетістіктерін атап өтіп,  2018 жылы биік белестерді бағындыруда сәттілік тіледі.

Мерекелік шараға 10-11 сыныптарда оқитын «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 34 тәрбиеленушісі қатысты. Олардың барлығы қамқорлықтағы балалар және балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылады.

- Бізге білдірген сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтаймыз деп сенімді түрде айта аламын. Күш-жігерімізді салып еңбек етіп, білім нәрін сусындап, әскери ғылымның қыр-сырын меңгеретін боламыз,-деді тәрбиеленушілердің атынан сөз сөйлеген С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жас ұланы Шыңғыс Қарабек.

Сонымен қатар, кеш қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалып, мерекелік дастархан жайылды және әрбір тәрбиеленушіге сыйлықтар табыс етілді.

Оценить материал
0