Наверх

Погода в Астане: 18 июля, вечер: +26° 3 м/с19 июля, ночь: +19° 3 м/с19 июля, утро: +24° 2 м/с19 июля, день: +30° 2 м/с

Елімізде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

258
Фото: Министрліктің сайтынан.

Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін білу үшін ұйымдастырылып, өткізіледі, деп жарияланған ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында.

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеу жылы 17 жасқа толатын  ер  азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуі тиіс.

Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтардың медициналық куәландырылуын жүргізетін медициналық комиссиялар құрылды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу барысында емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды анықтайды және оларды Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқуға, әскери оқуға орындарына түсуге ниет білдіргендерді денсаулығы бойынша жарамдыларды емдеу алдын алу ұйымдарына тіркейді.

Әскери есепке алғаш тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.

Оценить материал
0
Архив материалов