Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Әлеуметтік көмектің жаңа форматы мәселесі талданды

1177
Фото: Министрліктің сайтынан.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Еңбек министрлігінің басшысы Тамара Дүйсенова Бөрлі ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. АӘК жаңа форматын енгізу аясында Еңбек министрі Ақсай қаласындағы  жұмыспен қамту орталығының АӘК жаңа форматын жүзеге асыруға дайындық барысына баға берді, участкелік комиссия мүшелерімен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланды.

Биылғы жылдың 10 ай ішінде жобаға 53 отбасы немесе 226 адам тартылып, оларға 14,9 млн. теңге көлемінде уағдалы ақшалай көмек тағайындалған.  

Жоба аясында жұмыссыздар мен  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан 48 адам еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формасына тартылып, олардың 31-і тұрақты жұмысқа қабылданды.

Әлеуметтік келісім-шарт бойынша қабылданған шаралардан кейін аз қамтылған азаматтардың жан басына шаққандағы табысы үш есеге өскен. (3 547 теңгеден - 13 430 теңгеге дейін.)

2017- жылдың 10 айы ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша, жалпы сомасы шамамен 51,1 млн. теңге көлеміндегі уағдалы ақшалай көмекпен 256 отбасы немесе 1 333 адам қамтылған.

Осы уақыт ішінде жобаға 566 отбасы немесе 2 806 адам тартылған (2017  жылдың жоспары бойынша – 1 661 болатын), уағдалы ақшалай көмек 134,2 млн. теңгеге көрсетілген.

Жоба аясында. жұмыссыздар мен  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасынан 738 еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формасына тартылған.

«Әрбір отбасы білу керек, олар қандай көмек ала алады? Өнімді жұмыспен қамтылғанда қандай ақы аларына және қандай қолдау көрсетілетініне көз жеткізеді. Тұтастай алғанда, бізде жаңа форматтағы АӘК енгізу бүгінгі күннің маңызды тақырыбы болып отыр. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде», - деп атап өтті министр.

Айта кетсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің  жаңа форматы енгізілмек.

Оценить материал
0