Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Конституциялық реформа немесе билік кімге бұйырады?

2131
Фото:
Кеше Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру үдерісіне, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелерге қатысты сұхбат берген болатын. Елбасы сұхбатында айтылған маңызды мәселелерге қатысты з.ғ.д. докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамаладен Ибрагимовтың пікірін сұрап білдік. Сарапшы елімізде өткізілген соңғы саяси жаңғыру – осы конституциялық реформалар екенін айтып отыр. «Қазақстан құқықтық дамудың революциялық емес, эволюциялық өркендеу жолын алға қойып отыр. Осы орайда мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі – республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі» - дейді ол. Мемлекеттегі конституциялық реформалар қашанда кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Мәселен, ең үлкен конституциялық реформалар 1998 жылы 7 қазанда,  2007 жылы 21 мамырда және 2011 жылы 2 ақпанда жүргізілген. Ал 2017 жылы наурызда толықтай халықтық талқылаудан өткен конституциялық реформалар уақтылы өткізіліп отыр» - дейді ол. Сонымен қатар з.ғ.д. докторы, Жамаладен Ибрагимовтың пікірінше, кез-келген жаңғырудың конституциялық негізі болуы тиіс. «Бұл – тек билік тармақтары өкілеттіктерін бөлу ғана емес, сот-құқықтық жүйенің де өзгеріске енуі деген сөз. Бұл үш билік тармақтарының тепе-теңдігін және өзара бірігіп қызмет атқаруының белгісі. Конституциялық реформа – мемлекеттің демократиялық-құқықтық ел ретінде қарыштауына серпін береді» - деп түйіндеді сарапшы. Сонымен қатар Жамаладен Ибрагимов, сұхбатта айтылған ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығына да тоқталды. «Халықаралық шара - елдің болашақта таза энергетика, жасыл экономика саласына бет бұруының белгісі. Әлемнің озық елдеріне өзіміздің жасыл энергетикаға қатысты болашақ жоспарымыз бен көрсеткіштерімізді таныта білдік» - дейді ол. Сондай-ақ сұхбат барысында қозғалған басты тақырыптардың бірі - рухани жаңғыру мәселесі. «Латын әліпбиі – білім, ғылым, техника тілі екенін ескерсек, қазақ қоғамына  қажеттілігі сөзсіз. Елбасы өзіне ұсынылатын мәтіндердің жобасын қарап, болашақта сол бір әліпбидің енгізілуіне байланысты өзінің бағыт-бағдарын, тапсырмасын беретініне сенімдіміз» - дейді Жамаладен Ибрагимов. Жанар Мақсұтқызы  
Оценить материал
0