Наверх

Погода в Астане: 02 февраля, день: -11° 3 м/с02 февраля, вечер: -21° 3 м/с03 февраля, ночь: -23° 3 м/с03 февраля, утро: -24° 3 м/с

Қазақстан Президенті Испания халқына көніл айтты

2702
Фото:
Казақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Оценить материал
0