Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

Б. Сағынтаев Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысы А. Абдулламен кездесті

1854
Фото:
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді. Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі – Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады. Анықтама: Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 486,8 млн, импорт – 2,5 млн. 2017 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 195,2 млн, импорт 0,6 млн.  
Оценить материал
0