Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Жолдау жүктеген міндеттер

1964
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауына қатысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, физика-техникалық факультеті, «Ғарыш және ғарыштық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Асыл-Дастан Базарбектің пікірін жариялап отырмыз.

- Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері айтылды, - дейді Асыл-Дастан Базарбек. - Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Елбасы халыққа Жолдауында: «Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», – деп атап өтті.

Елбасының халқымызға, әсіресе жас ғалымдарымызға қолдау білдіру туралы айтқан сөзі дер кезінде көтерілген мәселе деп айтар едік. Жолдауда Елбасы: «Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек» деді.

Расында, бүгінгі жоғары оқу орындарының негізгі миссиясы – жастарға білім беріп қана қоймай, олардың көкірек көзін ашып, ғылыми дүниетанымын байытып, мемлекетшіл ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.

Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты беретінін айта келіп, орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керектігін алға тартты. Расында, бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады.

Осы ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың болашағы үшін үштұғырлы тіл қажеттігін де баса айтты. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына осы тілдер арқылы қызмет жасайды. «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады» деді.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында өскелең ұрпақты ғылым-білімге тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске жас ғалымдарды белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқтала келіп, шетелдердің оқу орындарымен байланысты күшейту керектігін айтты.

Елбасы Жолдауында: «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет»- деді.

Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет.   

Оценить материал
0