Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

ОҚО әкімі өңірге келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесті

1348
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында Уалихан Қайназаров, Берік Оспанов, Сапар Ахметов, Фахриддин Қаратаев бар.

Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда атқарылар жұмыстары сөз болды. Аймақ басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп,  2017 жыл аграрлы аймақ Оңтүстік үшін табысты да жемісті жыл болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, облыста «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыты бойынша 620 мың шаршы метр болатын  тұрғын үй тапсырылған. Ауыл шаруашылығы саласында кооперативтер құрудың  арқасында сүт қабылдау,  мал бордақылау бекеттері, қоймалар салу, жылыжай көлемін арттыру ісі жанданып келеді. Осы салада соңғы үлгідегі инновациялық жобалар қолға алынып отыр,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аймақта мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысқан  халық қалаулылары алдағы уақытта да Оңтүстік Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

«Біз бұл сапарымызда аудан-қалаларды аралап, Президентіміздің саясатын насихаттап, алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды жүйелеуді жөн көріп отырмыз. Ең бастысы халықты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен жүзеге асыруға шақырамыз. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы аянбай еңбек ететініне сенімдіміз», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің  депутаты Уалихан Қайназаров.

Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар аудан-қалаларды аралап, жұртшылықпен  кездеседі деп жоспарланған.

Оценить материал
0