Наверх

Погода в Астане: 22 октября, вечер: -2° 5 м/с23 октября, ночь: -3° 4 м/с23 октября, утро: -2° 6 м/с23 октября, день: +5° 7 м/с

Депутаттар Алматыда «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады

297
Фото: Министрліктің сайтынан.

Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті депутаттары Қазақстан кинематографистері, киностудия қызметкерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды.

Отандық киноиндустрия өкілдерімен кездесуге Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері: Гүлнар Иқсанова, Кәрібай Мұсырман, Бейбіт Мамраев, сондай-ақ, Алматы қалалық маслихаты депутаты Ислам Байрамуков, Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева келді.

- Кинематография саласын құқықтық тұрғыда реттеу, ұлттық киноөндіріске қолдау және дамуына ыңғайлы орта қалыптастыру мен ұлттық фильмдердің прокаты және дистрибуциясын қадағалау, отандық киномыздың сапасын көтеріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заң қажет.  Осы орайда, ортақтасып оң нәтиже шығару үшін біз сіздермен арнайы кездесуге келіп отырмыз, - деді Гүлнар Иқсанова.

Өткен жылдың аяғында мәдениет және спорт министрлігі парламент отырысында кинематография туралы заң жобасын ұсынған еді. Қазір біз оны жан-жақты талқыға салып отырмыз. Біз сіздер – кинематографистерді – осы талқылауға эксперт ретінде қатысуға шақырамыз. Қатыссаңыздар, біз тек қуанамыз, өйткені заңда отандық кинематография туралы барлық мәселелер қарастырылғанын қалаймыз, - деді Бейбіт Мамраев.

Кездесу барысында депутаттар «Қазақфильмнің» күнделікті жұмысы және техникалық жабдықтарымен, декорацияларымен, костюмдерімен, реквизиттерімен танысты.

Кездесудің басты тақырыбы Парламентте талқыланып жатқан, отандық киноиндустрияның болашақтағы дамуындағы негізгі бағыттары көрсетілген «Кинематография туралы» заң жобасы болды.

Оценить материал
0