Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады

Астанада жыл соңына дейін 73 реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады, деді брифинг барысында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елжан Чупеков.
Оның айтуынша, әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көше-жол желісін тексеру авариялық-қауіпті учаскелерін анықтау мақсатында жол-көлік оқиғаларына талдау, тексеру іс-шараларын жүргізген. Жағдайды зерттеу барысында, қала басшылығы мен Астана қаласы ІІД-ні бұрын реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағына 73 бағдаршам қою бойынша үлкен бағдарламаны қолға алып отыр.
- Бұл жұмыс биыл аяқталады. Оның нәтижесінде жолдағы қақтығыстар айтарлықтай азаюы тиіс ,- деді Е.Чупеков.
Сонымен қатар, қазіргі таңда көлік ағынының кедергісіз жүруін жақсарту үшін 43 оңжаққа бұрылу жолы жобалануда.
Елжан Чупеков осы жылы Астана қаласының сол жағалауында Ақмешіт, Түркістан, Қонаев, Достық көшелерінде бір жақты жол қозғалысын енгізу жоспарланғанын жеткізді.