Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

Оңтүстік Қазақстан облысында AgriTek Shymkent-2017 көрмесі өтуде

1284
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж. Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келетінін жеткізді. Бұл туралы облыс әкімінің сайтында жарияланды.

Көрмеде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.

Халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады.

Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Оценить материал
0