Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

1174
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты көпшіліктің демеуімен науқас бүлдіршіндерге көмек қолын созу болып табылады.Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың айтуынша, қайырымдылық шараларын үйлестіру бүгінде ассамблея жұмысының басты бағытына айналған.

Іс-шара соңында арнайы құрылған комиссияның төрағасы, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жетекшісі Орынбай Рахманбердиев билеттен және қайырымдылық акциясынан қолма-қол 4589100 теңге жиналғанын, тағы бірқатар жомарт жандардың 1400000 теңгені науқас балалардың жеке шотына аударуға уәде бергенін хабарлады.

Қайырымдылық шарасына "Шымкент құс" ЖШС, «Ордабасы құс» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Амангелді» ЖШС және Қазығұрт ауданының бірқатар кәсіпкерлері белсене қатысты.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңірдегі 400-ге жуық қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, құны 30 млн. теңгеден астам көмек көрсетілген.

Оценить материал
0