Наверх

Погода в Астане: 07 августа, вечер: +21° 5 м/с08 августа, ночь: +17° 4 м/с08 августа, утро: +20° 5 м/с08 августа, день: +25° 7 м/с

Аралда автобекет пайдалануға берілді

1961
Фото: Облыс әкімдігінің сайтынан

Қызылорда облысы, Арал ауданының халқы үшін жеке кәсіпкер Жақсат Исаев «Жақсат и К» автобекет нысанын ашты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жоба құны 70 млн теңгені құрайтын автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері заманауи талаптарға сай.

Автобекетте жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, және 5 бағытқа (Арал-Қызылорда, Арал-Шымкент, Арал-Түркістан, Арал-Байқоңыр, Арал-Қазалы) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл арада шағын асхана, билет кассасы, күту залы және де жүргізушілерге арналған демалу орны да бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Автобекет тұрағына бір мезгілде 5 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Сондай-ақ, күнделікті 10-нан аса автобустар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда автобекетте 10 қызметкер жұмыспен қамтылған.

Оценить материал
0