Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

ОҚО-да жаңа аспалы көпір ашылды

2315
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында Боралдай ауылдық округіне қарасты Орынбай Тайманов пен Ақжар елді мекендерін бөліп тұрған жаңа аспалы көпір ашылды,деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрғали Айтбеков  көпірдің ауыл жұрты үшін аса қажетті болғандығын айтты. 

«Облыстық бюджеттен 45 миллион 306 мың теңге қаржы бөлініп, маусым айында ұзындығы 144 метр болатын аспалы көпір құрылысын қолға алған «ЖБИ-С» ЖШС-і белгіленген мерзімде ел игілігіне пайдалануға беріп отыр», - деді Нұрғали Мәметұлы.

Қанша жылдардан бері 300-ге жуық тұрғыны бар Ақжар ауылын қосатын көпірдің нашарлығынан Боралдай өзенінен өту ауыл тұрғындары үшін қиынға соққан. Көптің тілегі орындалып, көпірдің   пайдалануға беріліп отырғандығына Ақжар елді мекенінің тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

Оценить материал
0