Наверх

Погода в Астане: 07 августа, вечер: +21° 5 м/с08 августа, ночь: +17° 4 м/с08 августа, утро: +20° 5 м/с08 августа, день: +25° 7 м/с

Жемқорлыққа жол бермейік

1729
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бүгін 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай Қызылордада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған. 

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурстардың жеңімпаздары және жемқорлықты алдын алу шараларына белсенді қатысып, өз үлесін қосқан мемлекеттік органдар мен сала мамандары марапатталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша жеңімпаз «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының тілшісі Қожақова Аягөз СӨмірзаққызы, «Үздік баспа жарияланым» номинация бойынша «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Тлеубергенова Бағлан Жарылқапбергенқызы сыйлықтармен марапатталды. 

Сонымен қатар, «Үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізген мемлекеттік мекеме» конкурсының жеңімпаздары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, департаменттің алғыс хаттары және грамоталарымен жемқорлыққа қарсы тұруда өзінің үлесін қосқан қоғамдық ұйымдардың және құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, оқушылар, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жас мамандар және өзге де сала өкілдері марапатталды.   

Оценить материал
0