Наверх

Погода в Астане: 07 августа, вечер: +21° 5 м/с08 августа, ночь: +17° 4 м/с08 августа, утро: +20° 5 м/с08 августа, день: +25° 7 м/с

Келер жылы Қарағанды теміржол вокзалы жаңартылады

2520
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағандыда теміржол вокзалын қалыпқа келтіру жоспары ұсынылды. Жобамен облыс және қала әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері танысты,деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында.

 Облыс әкімі Ерлан Қошановтың айтуынша, Қарағанды вокзалы 1956-шы жылы салынған және қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жыл басында Президенттің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында берілген  тапсырмасы бойынша жүргізілетін болады.

Аймақ басшысы ғимараттық тарихи келбетін сақтап қалу керектігін жеткізді.

- Жоспарда вокзал ғимаратын қайта қалыпқа келтіру және қосымша құрылыс салу бар. Алайда, тек ғимараттың келбеті мен  ішін ғана жөндеп, барлық сәулет нышандарын, әшекейлерін сақтап қаламыз, - деп сендірді жоба инженері Игорь Болдырев. 

Қазір вокзалдың ауданы 2 324,8 шаршы метр болса, қайта қалыпқа келтіру жұмыстарынан соң ол 4 209,71 шаршы метрге дейін ұлғаймақ.  Сонымен қатар, жолаушылар ағымы тәулігіне 4000-нан 7240 адамға дейін ұлғаяды деп қарастырылуда. Жаңартылған ғимаратта лифт, эскалаторлар орнатылады.

Екінші қабатта фудкорт аумағы қарастырылмақ. Жоба әлі мемлекеттік сараптамадан өтуі қажет.

Алдын ала есептеу бойынша жұмыстар құны 2 млрд теңгеге шақталып отыр. Қайта қалпына келтіру  жұмыстары 2018-ші жылдың наурызында басталып, 2019-шы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Оценить материал
0