Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Қарағандылық кәсіпкерлер спорт нысандарын салмақ

1205
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыс орталығындағы бірқатар спорт нысандарын аралап қайтты, деп жарияланды облыс әкімдігінің сайтында.

Облыс әкімі «Аманат Арена» спорт кешенінің құрылысымен танысты. Бұл нысан әуесқойлық шағын футболды дамытуға арналған. Аталмыш спорт кешені бизнестің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуының үлгісі болып табылады.
Спорт кешені қала орталығында Ермеков көшесінің бойында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2017-ші жылдың көктемінде басталған. Атқарылатын жұмыстар аз қалды.

Жоба инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатыр. Құны 300 млн теңгеге жуық. Кешен спорт сүйер қауым үшін қолжетімді болмақ, - деді «Қазақстандық футбол сүйерлер лигасы» ҚБ Қарағанды филиалының төрағасы Мейрам Серіков.

– Кешеннің ресми ашылуы 9-шы ақпанға бекітіліп отыр. Сол күні Қарағандыда әуесқой командалар арасында шағын футбол бойынша екінші Қазақстан чемпионаты өтеді. Меніңше ол футболдың үлкен мерекесі болмақ.

Облыс әкімі Оңтүстік-Шығыста орналасқан «Еңбек» спорт кешенінде де болып, оның да жұмысымен танысып қайтты. Мұнда шағын футбол, күрес, хореография, және жаттығу залдары бар.

«Еңбекте» «Жас сұңқар» облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жәсөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жаттығады.

2018-ші жылы «Еңбектің» жанында тағы бір спорт кешенінің құрылысы басталады. Жоба бастамашысы – Талғат Байшолақов. Орталықта көркем гимнастика, жекпе-жектер және ойын залдары қарастырылады.

Ерлан Қошанов кәсіпкерге «Туған жер» бағдарламасына үлес қосып жатқаны үшін алғысын білдіріп, қолдау көрсетуге уәде берді.

Облыс әкімін 2018-2020 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған спорт саласындағы жобалармен таныстырды. Олардың қатарында 3000 орынға шақталған футбол манежі, 20 мың орындық стадион, техникалық спорт түрлерінің және техникалық шығармашылық мектебі, жеңілатлетикалық манеж, күрес орталығы және т.б. бар. Бұл жобалардың басым бөлігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша іс жүзіне енгізілмек.

Оценить материал
0