Наверх

Погода в Астане: 28 мая, ночь: +10° 5 м/с28 мая, утро: +16° 6 м/с28 мая, день: +22° 6 м/с28 мая, вечер: +18° 4 м/с

Ақтөбеде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 151 жоба жүзеге асырылуда

1422
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығының басшысы Раиса Келмұханбетованың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні облыста 151 жоба қаралып, жүзеге асу үстінде. Олар былай жіктеледі: білім беру саласы — 79, денсаулық сақтау — 52, көлік және автожол — 5, спорт — 5. Инвестицияның жалпы мөлшері 42,6 миллиард теңгеден асады.

Ақтөбеде қазірдің өзінде офтальмологиялық орталық және «Сымбат» мектебі жанынан дарынды балаларға арналған интернат пайдалануға берілді, жедел жәрдем стансасы, балалар тіс емханасы, мұз сарайы құрылыстары жүргізілуде, аудандарда 20 медициналық мекеме салынды.

Облыс әкімінің пікірінше, мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін дамытуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін нақты өлшемдерді анықтау, құжаттарды жинау, құжаттамалар жасау және жобаны жүзеге асырудың нақты мерзімдерін белгілеу жол ашатын болады.

Облыс әкімі сондай-ақ, кәсіпкерлермен неғұрлым тығыз байланыста бірлесіп жұмыс істеуге, облыс аудандарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін белсенді түрде дамытуға, жаңа жобаларды олардың құнын қысқарту қажеттігіне назар аудара отырып іздестіру бойынша жұмыстарды күшейтуге шақырды.

Оценить материал
0