Наверх

Погода в Астане: 02 октября, ночь: -3° 4 м/с02 октября, утро: +1° 4 м/с02 октября, день: +8° 4 м/с02 октября, вечер: +3° 4 м/с

Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы Олимпиадаға барады

1236
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Биыл ақпан айының 9-25 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге қатысуға Оңтүстік Қазақстан облысынан 8 спортшы үміткер болып, оның 5-еуі лицензияға қол жеткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз жиынында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеді.

Аталған спорттық жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, 2012 жылы Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының 6-шы орын иегері, 2017 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпазы Жанбота Алдабергенова, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Маржан Ақжігіт, Ақмаржан Қалмұрзаева, Ильдар Бадрутдинов, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Аяна Жолдас ел намысын қорғайтын болады.

Бүгінде өңірде спорттың қысқы түрлерін дамыту мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысының қысқы спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жұмыс істеп келеді. Аталған мекеме шәкірттерді спорттың 6 түріне, яғни фристайл, шорт-трек, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, әмбебап жекпе-жек және жазғы биатлонға  баулуда,деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оценить материал
0