Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Жамбылда жастарға кеңес беру кабинеті ашылды

1316
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Жамбыл ауданында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан ашылған жастарға кеңес беру кабинеті өз жұмысын бастады.

Аудан жастары дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері бекітілген кестеге сәйкес, құқықтық, психологиялық, медициналық және мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар бойынша кеңес ала алады.

Жастарға аудан әкімдігі білім бөлімінің, аудандық орталық аурухананың, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес береді.

Жастар ресурстық орталығының директоры Маханбет Рахымжановтың айтуынша,негізгі жұмыс бағыты ЖОО тәмамдап, маман атанған жастармен және несие алуға өтініш білдірген жастармен жұмыс істеу болса, психолог кеңесінің жұмыс бағыты мектеп жасындағы жастардың әлеуметтік шиеленісті  болдырмау мақсатында жастарға суицидтің алдын-алу, моральдық проблемалары болса соны шешу болып табылады.Сонымен қатар, жас отбасыларды қолдау мақсатында  да кеңестер беріліп тұрады .

Дереккөз: taraztv.kz.

Оценить материал
0