Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

Шымкентте заманауи автобустар қатынайтын болады

2660
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік саласын дамыту» форумына қатысуға арнайы келген отандық және шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті. Басқосуда қонақтар жолаушы тасымалдау мақсатындағы тың жобалары мен заманауи көліктерін таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған форумға қатысу үшін елімізден бөлек Ресей, Белорусь, Өзбекстан және ҚХР-ның автобус құрастырушы зауыттарының өкілдері арнайы келген. Шараның мақсаты – шаһардағы жолаушылар тасымалдау қызметінің сапасын арттыру.

Әрбір қатысушы өздері өндіріп отырған автобустардың сапасы жоғары, тиімді бағада екенін жеткізді. Олардың айтуынша, қоғамдық көлікке орнатылған мониторинг, төлем, «GPS» жүйелері мен мобильді қосымшалар жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мол мүмкіндік береді.

Кездесу соңында облыс әкімі тиісті сала мамандарына ұсынысы мен бағасы тиімді компанияларды анықтап, сол мекемемен келісімшартқа тұруды тапсырды. Егер келіссөздер ойдағыдай аяқталса, ағымдағы жылы шымкенттіктер заманауи құралдармен жабдықтарған су жаңа автобустармен қатынайтын болады.

Шымкент қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын 26 көлік компаниясы 70 бағытта қызмет көрсетеді. 1700-ге тарта автобустың 70 пайызының пайдалану мерзімі 7 жылдан асып кеткен.

Оценить материал
0