Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Ақтөбелік іскер әйелдер «Аналарға тағзым» жобасына өз үлестерін қосуда

1836
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлова Ақтөбе қаласының Батыс-2 ауданында салынып жатқан үш қабатты «Аналарға тағзым» рухани-мәдени орталығында Ақтөбе жерінен шыққан белгілі әйел-аналарға арналған мұражай ғана емес, сондай-ақ қыз балалар мен жас аналарға арналған психологиялық кабинеттер жұмыс жасайтынын жеткізді.

- Бұл орталықта біз өнегелі ұл-қыздарды дүниеге әкеліп, өсірген аналардың есімдерін де ұлықтайтын боламыз. Бұл кешен облыста қолға алынған «Туған жер» акциясы аясында жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл кешеннің тұрғызылуына ақтөбеліктер жұмыла өз үлестерін қосуға дайын, — деді С.Қалдығұлова.

Облыстық мәслихат депутаты Светлана Айтбаеваның айтуынша, кешеннің ерекшелігі сол, бұл орталықта танымдық және тәрбиелік кабинеттер жұмыс жасайды. Өнер орталығында елімізге танымал отбасылық дуэттердің қатысуымен үлкен концерт өтті. Сол шарада мен әншілерге «Аналарға тағзым» жобасы туралы айтқанымда, олар ойланбастан кешеннің құрылысына өз қаламақыларының бір бөлігін аударды, — деді мәслихат депутаты.

Ал облыстық мәслихат депутаты, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызованың айтуынша, бұл жобаға анасын қадірлейтін әрбір азамат атсалысуы керек.

«Аналарға тағзым» жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған бастамашыл топ құрамында 10-ға жуық іскер әйел бар.

Дереккөз: «Ақтөбе» газеті.

Оценить материал
0