Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

СҚО–да ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын факультет ашу жоспарлануда

1891
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Облыстық бiлiм басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов аграрлы аймақта ауыл шаруашылығы бағытындағы факультеттiң жоқ екенiн айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

- Аграрлық аймақта ауыл шаруашылығы саласы мамандарын дайындайтын факультет жоқ. Бiздiң балалар Көкшетау, Қостанай және Астанаға барып оқып жүр. Керiсiнше, бiзде оқу керек, басқа өңiрлерден бiздiң университетке келiп бiлiм алу керек. Қазiр университет басшылығы алдында осындай мiндет тұр. Бiз қазiр ауыл шаруашылығы министрлiгiмен осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз, — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ СҚМУ-де медициналық факультет те құрылып жатыр. Педагогика саласында мамандардың тапшылығын жою мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлiнiп, 75 грант тағайындалды.

Облыс әкiмi «Серпiн» бағдарламасы бойынша бiлiм алып жатқан студенттерге қолдау көрсетiп, барлығын жұмыспен қамтуды тапсырды. Қазiр университетте 127 қыз-жiгiт оқуларын тәмамдаса, колледждерді биыл 192 студент бітіріп шығады.

Оценить материал
0