Құмар Ақсақалов: «Маған әдемі есептеріңіз емес, тұрақты жұмыс орындарын ашқандарыңыз маңызды»

Бұл туралы облысты жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
- Облыс тұрғыны бiр-екi айлық жұмысқа емес, тұрақты жұмысқа орналасу керек. Қоғамдық жұмысқа уақытша тартқан болмайды. Азаматтар жыл бойы еңбектенуi тиiс. Ауылдарға барғанда осыны тексеру үшiн үй-үйге кiремiн. Әдемi есептерiңiздi тексеремiн, — дедi облыс әкімі.
Облыста былтыр 30714 адам жұмысқа тұрды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Оның iшiнде 24788 адам тұрақты жұмыс тапқан. Өз-өзiн қамтамасыз еткендердiң де саны қысқарды. 2017 жылдың басында олардың саны 91 мың болса, қазiр 79 мыңға түстi. Биыл кешендi жоспардың аясында 27 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.
СҚО-да еңбекақының көлемi де артып келедi. 2017 жылдың қорытындысы бойынша орташа еңбекақы 6,5 пайызға өсiп, 103 мың теңгеге жеткен.