Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

Қызылордада Сырдарияның сол жағалауында мөлтек аудан ашылады

1169
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Жыл соңына дейін Сырдарияның сол жағалауындағы алғашқы мөлтек аудан ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің кампусы мен жастар ресурстық орталығының құрылысы жүріп жатыр, неке қию сарайы салынады.

-  2017 жылы алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Сол жағалаудағы бірінші мөлтек ауданды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз,- деді есепті кездесуде  аймақ басшысы.

Қазір жаңа қалада Рухани жаңғыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 1925 жылы ұлтымызға қазақ атауы берілген тарихи шешім қабылданған Қазақ атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізінде бой көтереді. 

Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпанында Н. Бекежанов атындағы театрда Қырымбек Көшербаевтың халықпен есепті кездесуі өтіп, кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы көрсетілді. 

Оценить материал
0