Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Оңтүстік Қазақстанда Алғыс айту күніне орай 10 күндік өтуде

4990
Фото: Strategy 2050.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірде биыл 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде аталып өтілмек. Жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар оңтүстікте 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін 10 күн бойы жалғасады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті.

Оның айтуынша, елді бірлікке үндейтін мерекенің түпкі мәні – кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа алғыс айтуын көздейді. Он күндік мерекені жер-жерлерде ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасы әзірленіп, әр күнге арнайы атаулар берілген.

«20 ақпан – Тарихқа тағзым күні деп белгіленді. Бұл күні облыста, аудан, қала орталықтарында қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні туралы арнайы көрме өткізіледі. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, тарихқа тағзым жасалады», - деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Сонымен қатар, 21 ақпан – Қайырымдылық күнінде облыс аумағында «Жан жылуы» тақырыбында акция ұйымдастырылып, жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек беріледі. 22 ақпан – Шабыт күнінде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында өңірдегі қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылмақ.

23 ақпан – Көршіге ізет, 25 ақпан – Құрмет, 26 ақпан – Өлкетану, 27 ақпан – Келісім, 28 ақпан – Ықылас, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп белгіленіп, әр күндері атауына сай шаралар өтетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оценить материал
0