Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Түріктер Қызылордада зауыт салуға қызығушылық танытуда

973
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында түріктің «Чукурова Холдинг» компаниясының бас директоры Доанлы Иса, жоспарлау және сату жөніндегі директор Токатлы Камиль Мехмед, Куру Бора облыс кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.

Түрлі саладағы тауарлардың қаптамасын шығарумен айналысатын Түркиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып саналатын компания балғын жемістер мен көкөністерге, қатты және сұйық майларға, ет, балық, жұмыртқа, сусындар мен химиялық тауарлардың қаптамаларын әзірлеумен айналысады.

«Чукурова Холдинг» кәсіпорны енді Қазақстанда гофрокартоннан қаптама жасайтын кәсіпорынды ашу жобасын жүзеге асыру үшін қолайлы аумақ ретінде оңтүстік өңірлерді таңдаған.

«15-20 адам тұрақты жұмыс істейтін зауыт салмақшымыз. Алдымен жергілікті кәсіпорындардың кардон қаптамаларына деген қажеттілігін анықтаймыз. Экономикалық тұрғыда тиімді болатынына сенімдіміз. Өйткені, бау-бақша, жеміс-жидек, сүт өнімдері мұнда көп әзірленеді екен. Ал қаптамалар шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер шикізатқа қамысты пайдалануға болатындығын айтты. Бұны мамандармен ақылдасып, шешім қабылдайтын боламыз», - дейді «Чукурова Холдинг» компаниясының бас директоры Доанлы Иса.

Кәсіпкерлер палатасы алаңындағы кездесуде қызылордалық кәсіпкерлер жобаға қызығушылығын танытып, қажетті дайын базаны беруге әзір екендіктерін де жеткізді.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Төреғали Шанкерейдің айтуынша, жобаны Қызылорда облысында жүзеге асырудың артықшылықтары көп. Біріншіден, Қызылорда облысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан. Зауыт өнімдерін Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес,  Қарағанды, Тараз,  Ақтөбе облысына да кеңінен тасу, тұтынушыларды табу мүмкіндіктері зор. 

Оценить материал
0