Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Болат Бақауов: Цифрландырумен ақша табушылар емес, кәсіпқойлар айналысу керек

984
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл  жөнінде Павлодар облысының әкімдігінде «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған жиында облыс әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев аймақтағы цифрландыру жұмысы мемлекеттік бағдарламаның бес бағыты бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

– Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру қарастырылған, – деді ол. – Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтердің 38 пайызы электронды форматта болса, 2022 жылға қарай олардың көрсеткішін 85 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.   

Облыста цифрландыру мәселесімен Инвестицияларды тарту агенттігі айналысады.  Жиынға қатысқан «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингінің өкілі Қуат Сағадиев геоақпараттық жүйе бірыңғай картасының пилоттық шешімдерін құрастыруды ұсынды. Аталмыш карта техникалық шарттар алу, жер бөлу, жұмыстарды жобалауды нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі.  

Кездесу соңында аймақ басшысы Болат Бақауов цифрландыру мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ескі дәстүрлерінен арылуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталып, цифрландырумен қалта қампайтқысы келетіндер емес, кәсіпқойлар айналысулары керектігін жеткізді.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0