Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Құмар Ақсақалов: Наурызды әр аудан өздерінде тойласын, киіз үйлер есігі жабылмасын

2197
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында Наурыз мерекесiне дайындық барысы талқыланды. Биыл Наурыз мейрамы Петропавл қаласының жаңа орталық алаңында тойланатын болды, деп хабарлайды  облыс әкімінің ресми сайты.

Қазақстан Конституциясы көшесi бойында 12 киiз үйден құралған этноауыл бой көтередi. Мейрам қонақтарына тегiн Наурыз Көже, палау, бауырсақтар және шай ұсынылады.  Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аудан әкiмдерi Наурыз мерекесiн өз ауданының тұрғындарымен қарсы алу керек деп шешім шығарды.

«Жыл сайын аудан әкiмi бастаған делегациялар концерттiк бағдарламамен келетiн едi. Аудан әкiмдерi мейрам кезiнде өз орындарында болу керек. Мейрамды өз күшiмiзбен өткiзе аламыз», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi Наурыз мейрамын тойлау кезiнде киiз үйлерде жабық ас беруге тыйым салды.Оның айтуынша, киiз үйлердi жауып, тамақ беруге болмайды. Халықта оның iшiнде кiмге тамақ берiп жатыр деген сұрақ туындайды. Бұрын  киіз үйлерде көп балалы аналарға, ардагерлерге, мүгедектерге тамақ берiлетін болса, оларға мерекенiң қарсаңында ұйымдарда мерекелiк шараларды ұйымдастыру керек.

- Киiз үйлердің есігі ашық болуы тиiс, оның iшi тиiсiнше безендiрiлiп, бiздiң салт-дәстүрлерiмiздi барынша паш ету қажет. Киiз үйдi таңертең қойып, кешке жинап әкетпей,киiз үйлер барлық мерекелiк күндер бойы жұмыс iстеу керек, — деді Қ.Ақсақалов.

Оценить материал
0