Наверх

Погода в Астане: 17 июля, вечер: +22° 3 м/с18 июля, ночь: +17° 3 м/с18 июля, утро: +23° 2 м/с18 июля, день: +29° 3 м/с

«Оңтүстік өнімі» байқауы басталды

926
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік өнімі" байқауы басталды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты - Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетовтың айтуынша, байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер қатыса алады.

Байқауға қатысу туралы өтінімді 2018 жылғы 15 наурызға дейін oko-ato@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндіріс орындары туралы пост жариялануы керек. Сондай-ақ, байқауға қатысушы мекеме басшылығымен фотоға түсуі тиіс.

«Байқаудың бас жүлдегері 300 000 теңгені иеленсе, 1 орынға 200 000 теңге, 2 орынға 150 000 теңге, 3 орынға 100 000 теңге. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары бар. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде жарияланады.  Бұл жобаға қатысушы өндіріс басшылығымен қысқаша сұхбат ұйымдастырып, өндіріс туралы кемінде 4 фотодан тұратын фоторепортаж және өндіріс жайлы толыққанды ақпарат берілу керек. Жалпы пост 500 символдан кем болмауы қажет. Әрбір қатысушы кемінде 25 жариялым жасайды», - деді Бақыт Сəрсенбайұлы.

Сонымен қатар, міндетті түрде жарияланымдар Facebook әлеуметтік желісіндегі «Оңтүстіктен не хабар» тобында «#Оңтүстікөнімі» хэштегімен жариялануы тиіс. Мәтіндік материалды «Оңтүстік өнімі...» сөздерімен басталып, байқау атауы мен логотипі пайдаланылады.

Байқауға 2018 жылдың 27 ақпанынан 15 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады. Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап, ұйымдастырушылға 2018 жылдың 10-15 маусым аралығында тапсыруы тиіс. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Жеңімпаздарды айқындау түзілген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады. Оның құрамына БАҚ өкілдері, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Байқауға ұсынылған жарияланымдар әлеуметтік желілерде жиналған дауыс, ұнатылым (лайк), бөлісу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болады.

Оценить материал
0