Наверх

Погода в Астане: 20 сентября, ночь: +5° 7 м/с20 сентября, утро: +5° 7 м/с20 сентября, день: +7° 7 м/с20 сентября, вечер: +6° 5 м/с

Солтүстік Қазақстанда наурыз мейрамында «Сал серілердің серкесі» атты ақындар айтысы өткізіледі

1845
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, Наурыз басты алаң және орталық алаңда, «Сити Молл» сауда үйiнiң жанында және Былғары зауыты кентiнде тойланады. Аулаларда да мерекенi тойлау қанатын кеңге жаяды. Биыл 300 тұрғын үй мерекелiк шаралармен қамтылады.

- Басты алаңда орналасатын киiз үйлердің бiрiншiсінде некеге тұруға қатысты салт-дәстүрлер көрсетiлсе, екiншiсiнде баланың туылуына қатысты әдеп-ғұрыптарды тамашалауға болады. Үшiншi киiз үйде қазақтың ұлттық аспаптары, төртiншiде ұлттық саятшылық өнерi, бесiншiде ұлттық киiмдер және алтыншысында ұлттық ыдыстар көрсетiледi,-дейді мәдениет басқармасының басшысы Ермек Рақымов.

Мейрамның тағы бiр көркi — «Сал серiлердiң серкесi» атты ақындар айтысы болмақ. Сегiз Серiнiң 200 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған додаға 11 облыс өз ақындарын үкiлептi. Меценаттардың көмегiмен басты жүлде автокөлiк болса, бiрiншi орынға 1 миллион теңге тiгiлiп отыр.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0