Наверх

Погода в Астане: 18 июля, ночь: +17° 3 м/с18 июля, утро: +23° 2 м/с18 июля, день: +29° 3 м/с18 июля, вечер: +25° 3 м/с

Алматы облысында қант қызылшасы өндірісі дамытылады

1025
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Егіс науқаны қарсаңында облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі шаруалардың қатысуымен қант қызылшасы өндірісін дамыту мәселесін талқылаған жиын өткізді. Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабын 11,2 мың гектарға ұлғайту, одан 414,4 мың тонна өнім жинау көзделіп отыр.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, мемлекет қолдауының және бірлескен жұмыстың нәтижесінде өткен жылы облыстағы қант қызылшасының жалпы жиыны 334 мың тонна болса, биылғы жылы 414,4 мың тонна өнім жинау межеленіп отыр. Оған қоса өңдеу мәселесі де шешімін табуда.

- Соңғы үш жылда Көксу қант зауытын толық жаңғыртудан өткіздік, соның арқасында оның өңдеу қуаттылығы еселеп өсті. Қазіргі кезде Ақсу қант зауытында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аса маңызды да үлкен жұмыс. Жаңғыртудан өткен кәсіпорын 1 қазаннан жаңа құрылғыларымен өңдеу ісін бастайтын болады. Сонымен қатар облыста шаруаларды ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы тағы 7 сервистік-дайындау орталығын құрамыз. Сапалы тұқыммен қамту, жеңілдікпен жағармай беру сияқты қолдаулар жалғасын табады, - деді А. Баталов.

Облыс әкімі жиналған қант қызылшасы толық өңделуі тиіс екенін, өткізілген өнім үшін шаруа қожалықтарымен дер кезінде есептесу керектігін  ескертті.

Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Оценить материал
0