Наверх

Погода в Астане:08 июля, ночь: +20° 2 м/с08 июля, утро: +25° 2 м/с08 июля, день: +29° 3 м/с08 июля, вечер: +26° 3 м/с

Даниал Ахметов: «Осы аптаның соңына дейін адамдар баспаналы болуы керек»

1209
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз, Глубокое және Шемонайха аудандарындағы су тасқыны салдарынан үйсіз қалған тұрғындарға тезірек жаңа баспана беруді тапсырды. Бұл туралы аймақ басшысы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиын барысында айтты. Жиын барысында аудан-қала басшылары өңірлерде қалыптасқан жағдай туралы баяндамалар жасап, су басқан елді мекендердегі апаттың салдарын жою жұмыстары туралы сөз етті.

Соңғы бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың соңы Өскеменмен Риддер қалаларында,сондай-ақ Глубокое, Шемонайха, Катонқарағай, Зырян аудандарда су тасқынына ұласып, соның салдарынан бірқатар елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Аймақ басшысы мәлімдегендей, Глубокое ауданында қарғын су 175 үйді зақымдаған. Сонымен қатар Шемонайха ауданында 42, Өскемен қаласында 15 су астында қалған. Қазір су басқан үйлерде тиісті жұмыс жүргізіліп, жаңғдай қалпына келген. Дегенмен, облыс әкімі кейбір үйлер тұруға жарамсыз болып қалғанын айтып, құзырлы мекемелерге далада қалған тұрғындарды баспанамен қамту жағын тез арада шешу керектігін айтып, тиісті міндеттер жүктеді. Облыс әкімінің айтуынша, Аягөз қаласынад үй кезегінде тұрған 19 отбасы бар,аудан басшысы үш күнде бұл мәселені шешуге тиіс.

- Сонымен қатар,шаһардағы су тасқынынан зардап шеккен тағы 109 үйдің жөндеу жұмыстарын бастау керек. Дәл осындай жұмыс Шемонайха және Глубокое аудандарында да жүргізілуі тиіс,- деді өңір басшысы.

Сондай-ақ алдағы уақытта Шығыс Қазақстанда тиісті қайырымдылық қорлары құрылып, оларға облыстық қазынадан қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді. Мәселен, Глубокое ауданына 60 миллион теңге бөлінетін болады. Сол сияқты Шемонайха ауданына да қажетті қаржылық қолдау көрсетіледі.

Мереке күндері жауған жаңбар салдарынан облыстың бірнеше ауданы мен қаласын қарғын су басып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген. Бір ғана Глубокое ауданында 565 адам эвакуацияланған.

Дереккөз: ALTAYNEWS.

Оценить материал
0