Наверх

Погода в Астане: 20 сентября, ночь: +5° 7 м/с20 сентября, утро: +5° 7 м/с20 сентября, день: +7° 7 м/с20 сентября, вечер: +6° 5 м/с

Шығыс Қазақстанда төрт елді мекен атауы өзгереді

2404
Фото: Дидар газеті.

Биыл Глубокое ауданындағы төрт елді мекеннің атауы өзгермек. Тиісті шешім жақында өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Қалихан Байғонысов мәлім етті.

– Сессияда қабылданған шешім бойынша Киров ауылдық округі Ертіс ауылдық округі деп ауыстырылады. Сондай-ақ Куйбышев, Калинин, Фрунзе ауылдық округтерінің де атаулары өзгеретін болады. Бұл жұмыстар алда жалғасын табады, кезең-кезеңмен біртіндеп жүзеге асырылады, - деді аудан әкімі.

Бұған дейін Объектив.kz тілшісі «Тәуелсіздік төл атауларды қайтара алды ма?» тақырыбында  арнайы журналистік зерттеу жүргізіп, еліміздің барлық өңірлеріндегі елді мекендерге тарихи атауларын қайтару жайлы мәселе көтерген болатын.

Төл атауларды дереккөз: Дидар газеті.

Оценить материал
0