Наверх

Погода в Астане: 06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 3 м/с07 июня, день: +34° 8 м/с

Оңтүстік Қазақстанда өңірлік инвестициялық кеңес отырысы өтті

2497
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облысқа инвесторларды тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылған өңірлік кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру қажет.  Бұл туралы өңірлік инвестициялық кеңестің отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында өңір басшысы экономиканы әртараптандыру және оны дамыту үшін инвесторларға қолайлы ахуал жасау, инвестиция саласына байланысты нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Кеңесте Үкімет басшысының  қатысуымен өткен жиында облыста жүзеге асырылып отырған жобалардың іске асу барысы талқыланды.  

«Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ. Басқа салаларда да басымдықтарға иеміз. Сондықтан «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының өңірлік филалының жұмысын күшейту қажет. Елордамыз Астана қаласы мен басқа өңірлерде өтіп жатқан халықаралық маңызға ие бизнес шараларға белсене қатысып, инвесторларды тартуға ықпал етуі керек. Іске қосылғалы отырған кәсіпорындарды қажетті инфрақұрылымдық жүйелермен дер кезінде қамтуға негізгі басымдық берілуі керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кеңес барысында облыс әкімі «Аsia Trafo», «Gold Aluminum», «Green Technology», «Golden Camel Group Ltd» компанияларының басшыларының өтініш-тілектерін тыңдады. «Аsia Trafo» ЖШС директоры Серғазы Күнтуаров электр мен газ қажеттігін жеткізсе, «Green Technology» Жеңісбай Сұлтанов қондырғыларды іске қосуға келетін шетелдік мамандардың виза мәселесін көтерді. «Golden Camel Group Ltd» компаниясының басшысы Ли Хуэй биылғы жақын арада 30-ға жуық жергілікті тұрғындарды   жұмысқа қабылдайтынын жеткізді.

Осы ретте сөз алған облыс әкімі құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорынға қажетті түйе сүтінің көлеміне алаңдаушылық білдірді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысытарындағы түйе саны 70 мыңнан асады.  Осыны ескерген өңір басшысы алдағы уақытта өзге облыстармен де тығыз байланыс орнатып, зауыттың қажеттілігін орындап отыруға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшыларына өңірде түйе шаруашылығын дамыту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

Оценить материал
0