Наверх

Погода в Астане:06 августа, день: +32° 4 м/с06 августа, вечер: +28° 4 м/с07 августа, ночь: +22° 3 м/с07 августа, утро: +26° 3 м/с

Зырян ауданында жағдай тұрақталып, су деңгейі түсті

1077
Фото: altaynews.kz.

Бұл туралы облыс басшысы Даниал Ахметов  кезекті рет Зырян ауданына барған кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда мұндағы тоғыз елді мекенде судың беті қайтып, деңгейі түскен, аудандағы  414 үйдің, 285-інен су кетіп, 129-ында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Зырян қаласының ескі бөлігінде әлі күнге дейін 74 үй су астында тұр. Облыс әкімі олардың барлығы алдағы таңда тұруға жарамсыз деп танылуы ықтимал деген бастапқы болжамын жеткізді. Су деңгейі 3 метрге жеткен учаскеде бүгін қосымша тағы бірнеше су сорғыш насостар қойылмақ.

Бұқтырма өзенінің арнасындағы мұзды жару жұмысы үш күн бойы жүргізілді. Осы уақыт аралығында 17 тонна жарылғыш заттар қолданылды. Нәтижесінде, су деңгейі 2,5 есеге азайып, төмен түсті. Сол таңдағы өзекті мәселе – Малиевск ауылы мен Зубовск кентін толық су басып кету қаупінің алды алынды. Бүгінде Малиевскідегі 97, Зубовскідегі 114 үйден су қайтып, тұрғындар баспаналарына оралуда.

- Барлығы 414 үйді су басқан.Шығындарды арнайы комиссия есептейді.Қазір қалада 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.Сонымен қатар,екінші деңгейлі нарықта сатылымға қойылған баспаналардың есебі дайындалуда.Дүйсенбіге дейін үй мәселесін шешу жолы нақты белгілі болады, - деді облыс басшысы.

Оценить материал
0